
«Заң мен тәртіп» акциясы аясында Қарашыған ауылдық округі әкімшілігінде учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Ержан Жандос Серікжанұлы мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықбұзушылықтың алдын алу, интернет-алаяқтықтан сақтану және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына заң талаптарын сақтау мен қауіпсіздік шараларын күшейтудің маңыздылығы айтылып, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.









