
2026 жылдың 16 сәуір күні Қарашыған ауылдық округінің әкімшілігінде "Заң мен тәртіп - қоғам негізі" тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды іс-шара. Оның негізгі мақсаты - заңның маңызын түсіндіру, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін талқылау және тәртіптің қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін көрсету. Қорытындысында, заң мен тәртіпті сақтау - әрбір азаматтың борышы екені және ол қоғамның дамуы мен өркендеуінің басты негізі екені атап өтілді.









