
2026 жыл 30 шілде күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысына қатысты.
Кеңес отырысында мемлекеттік қызмет саласындағы заңдылықты, қызметтік әдепті сақтау және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы өзекті мәселелер қаралды.
Күн тәртібіне сәйкес:
🔹 мемлекеттік қызметшілерге қатысты қозғалған тәртіптік істер қаралды;
🔹 қызметтік әдептің сақталуын мониторингтеу және бақылауды жүзеге асыру барысында әдеп жөніндегі уәкілдердің қызмет нәтижелері талқыланып, олардың атқарған жұмыстары сараланды;
🔹 жер саласында жиі кездесетін заң бұзушылықтарға жүргізілген талдау қорытындылары қаралып, құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды болдырмау бағытындағы ұсыныстар айтылды.
Кеңес барысында мемлекеттік қызметте заңдылық пен әдеп қағидаттарын сақтау, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.








