2026 жылғы 29–31 шілдеде өткен халықаралық «Trophée Paris–Pékin par la Route de la Soie» ретро және классикалық автомобильдер раллиі

    ·
    2026 жылғы 29–31 шілдеде өткен халықаралық «Trophée Paris–Pékin par la Route de la Soie» ретро және классикалық автомобильдер раллиі

    2026 жылғы 29–31 шілде аралығында Қазақстан Республикасында халықаралық «Trophée Paris–Pékin par la Route de la Soie» ретро және классикалық автомобильдер раллиінің қазақстандық кезеңі өтті.
    Маңғыстау облысы аумағы арқылы өткен кезеңді ұйымдастыру барысында облыстық туризм басқармасы ҰҚК Шекара қызметімен және ұйымдастырушылармен бірлесіп үйлестіру жұмыстарын жүргізді.
    80 шетелдік қатысушыдан құралған 36 экипаж Маңғыстау ауданындағы «Qazaq Camp Yurts & Rooms» туристік кешеніне, сондай-ақ Бейнеу ауданындағы «Арай», «Бейнеу» және «Жібек жолы» қонақ үйлеріне орналастырылды.
    31 шілдеде барлық экипаж «Тәжен» кеден бекеті арқылы Қазақстан Республикасынан Өзбекстан Республикасына кідіріссіз өтті.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары