Ақтауда кемінде үш тілді жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. Іс-шараға Маңғыстау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырды.
«Байқаудың мақсаты – бірнеше тілді еркін меңгерген талантты жастарға қолдау көрсету. Бұл жарысқа қатысуға Бейнеу және Маңғыстау аудандарынан төрт мемлекеттік қызметкер келді. Қатысушылар үш кезең бойынша бақ сынайды»,- деді «Маңғыстау жергілікті бастама орталығы» ҚҚ директоры Жақсыгүл Маханбет.
Байқауға қатысушылардың жұмысын үш тілді де жетік меңгерген ғалымдар, әдіскерлер мен мамандардан құралған қазылар алқасы бағалады.
