Алматыда медицина ардагерлеріне арналған Даңқ аллеясы ашылды

    Алматыда медицина ардагерлеріне арналған Даңқ аллеясы ашылды

    Алматыда медицина ардагерлеріне арналған Даңқ аллеясы ашылды.

    Онда №1 қалалық клиникалық аурухананың дамуына елеулі үлес қосқан дәрігерлердің есімдері ұлықталған. Жоба медицина саласының ардагері Есентай Тәжиевтің дүниеден өткеніне 100 күн толуына орайластырылды.

    Даңқ аллеясында мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың, мекеменің алғашқы бас дәрігері Асылхан Мамаевтың және Есентай Тәжиевтің есімдері жазылған тақта орнатылды.

    Бастаманың мақсаты – медицина саласының дамуына үлес қосқан мамандардың еңбегін дәріптеп, аурухана тарихын кейінгі буынға таныстыру. Алдағы уақытта аллеяға клиникалық аурухананы әр жылдары басқарған өзге де бас дәрігерлердің есімдері ілінеді.

    «Тарихи күн болып отыр. Бір жағынан Есентай Бөдесұлының еске алып жатқан азаматтар, екіншіден, медицина ғылымының майталмандарын жинап, Қазақстанның тарихында дәрігерлерге арналған тұңғыш аллея ашылды. Қазақстанның денсаулық саласы алдыңғы әлемдік бәсекелестікке сай болмақ», – деді ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Нәзімхан Сатыбалды.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары