Ақтауда «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті

    ·

    Ақтауда «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті

    Ақтауда Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздіктің символы» байқауы өтті. Дәстүрлі жарыстың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, қазақ тілін жетік меңгерген этнос өкілдерін анықтау. Биылғы сайысқа өңірдің қала-аудандарындағы іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен үздіктер қатысты.

    Байқау екі кезеңнен тұрды. Алғашында қатысушылар ЖИ құралдарын пайдалану арқылы арқылы өмір жолын, қоғамдағы қызметі мен мемлекеттік тілді күнделікті қолдануы жайында бейнеролик әзірледі. Екінші кезеңде қатысушылар «Қазақ тілін үйренудегі тиімді әдістер» тақырыбында жоба қорғап, мемлекеттік тілді үйренудегі тәжірибелерімен бөлісті.

    «Бүгінгі конкурсқа мемлекеттік тілді меңгерген этнос өкілдері қатысты. Облыстық сайысқа аудандық, қалалық сайыстарда жеңімпаз атанып, облыстық байқауға жолдама алған үміткерлер келді. Бұл конкурстың басты мақсаты – этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілдің аясын кеңейту, оны насихаттау, және тіл білуге құлшынысын арттыру.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары