КЕЗЕКТЕН ТЫС ҚЫРЫҚ ТӨРТІНШІ СЕССИЯ

    ·
    КЕЗЕКТЕН ТЫС ҚЫРЫҚ ТӨРТІНШІ СЕССИЯ

    2026 жылғы 31 шілдеде сегізінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының кезектен тыс қырық төртінші сессиясы онлайн режимде өтті. Сессия жұмысына Курчатов қаласы әкімінің орынбасары М.Н. Мырзыкешов және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.
    Сессияда ағымдағы жылға арналған қалалық бюджет нақтыланды.

    Қала бюджетін нақтылау облыстық бюджеттен 379,3 мың теңге сомасында ағымдағы трансферттердің қысқаруына байланысты. Бюджет шығыстарын сапалы орындау мақсатында 89 199,8 мың теңге көлемінде қаражатты қайта бөлу көзделген.

    Абай облыстық мәслихатының 2026 жылғы 31 наурыздағы №35/233-VIII «Абай облыстық мәслихатының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы №32/212-VIII «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне сәйкес әлеуметтік салық бойынша қала бюджетіне түсетін түсімдерді бөлу нормативінің 1%-дан 47,3%-ға өзгеруіне байланысты меншікті кірістер 256,0 мың теңгеге ұлғайтылды.

    Курчатов қалалық мәслихаты

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары