Тұрақты комиссия отырысы

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Тұрақты комиссия отырысы

    2026 жылғы 22 қыркүйекте Курчатов қалалық мәслихатының бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті. Отырысқа Курчатов қалалық мәслихатының төрағасы Г.М. Хусайнова, қала әкімінің орынбасары Б.С. Жолдахмет, Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Е.Н. Дүйсембеков қатысты.

    Комиссия отырысында Е. Дүйсембековтың «Салық кодексінің жаңа редакциясы қолданысқа енгізілгеннен кейін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жолдары» туралы ақпараты тыңдалды.

    Отырыс нәтижесі бойынша, бизнесті жүргізу үшін тұрақты әрі болжамды жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында, комиссия жергілікті атқарушы органдарға кәсіпкерлік субъектілеріне кешенді қаржылық және қаржылық емес қолдау көрсету бойынша жүйелі жұмыс жүргізуге ұсыныстар берілді. Соның ішінде, 2027 жылға арналған оңайтылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимінің мөлшерлемесін 2%-ға дейін төмендету мәселесін қарастыру ұсынылды.

    Курчатов қалалық мәслихаты

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары