Оқу-ағарту министрлігі 2026–2027 оқу жылындағы оқу мерзімдері мен демалыс кезеңдерін айқындады

    Оқу-ағарту министрлігі 2026–2027 оқу жылындағы оқу мерзімдері мен демалыс кезеңдерін айқындады

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 2026–2027 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың демалыс кезеңдерін бекітті.

    Жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.

    Бірінші тоқсан 8 оқу аптасына созылады. Күзгі демалыс 7 күнге жалғасып, 2026 жылғы 26 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді.

    Екінші тоқсан да 8 оқу аптасын құрайды. Қысқы демалыс 14 күнге созылып, 2026 жылғы 28 желтоқсан мен 2027 жылғы 10 қаңтар аралығында өтеді.

    Бірінші сынып оқушылары үшін 2027 жылғы 8–14 ақпан аралығында 7 күндік қосымша демалыс қарастырылған.

    Үшінші тоқсан 10 оқу аптасына созылады. Көктемгі демалыс 7 күнге жалғасып, 2027 жылғы 22–28 наурыз аралығында өтеді.

    Төртінші тоқсан 8 оқу аптасына созылып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.

    Сондай-ақ 9 (10) және 11 (12) сынып түлектерінің қорытынды аттестаттау мерзімдері бекітілді.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі" жаңалықтары