Әкімшілік айыппұлдарға рақымшылық жасау: жаңа Заң кімдерге қатысты болады?

    ·
    Әкімшілік айыппұлдарға рақымшылық жасау: жаңа Заң кімдерге қатысты болады?

    2026 жылғы 2 шілдеден бастап ҚР «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы күшіне енді.

    Заңға сәйкес, мемлекеттік кірістер органдары салған жекелеген әкімшілік айыппұлдарды орындаудан босату көзделген.

    👥Рақымшылық мына тұлғаларға қолданылады:
    ✅ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға;
    ✅ жеке кәсіпкерлерге;
    ✅ жеке нотариустарға;
    ✅ жеке сот орындаушыларына;
    ✅ адвокаттарға;
    ✅ заң консультанттарына.

    📌 Айыппұлды есептен шығару үшін үш шарттың барлығы бір уақытта орындалуы қажет:
    ✔️ қаулыны сот емес, мемлекеттік кірістер органы шығаруы тиіс;
    ✔️ айыппұл 2026 жылғы 2 шілдедегі жағдай бойынша толық немесе ішінара төленбеген болуы тиіс;
    ✔️ жасалған құқық бұзушылық Заңда белгіленген ерекшеліктер тізіміне кірмеуі тиіс.

    📋 Рақымшылық, атап айтқанда, мынадай құқық бұзушылықтарға қатысты қолданылады:
    🔹 салық органдарында тіркелуге байланысты;
    🔹 арнайы салық режимдерін қолдануға байланысты;
    🔹 салық есептілігін уақытылы тапсырмауға байланысты;
    🔹 бақылау-касса машиналарын қолдануға байланысты;
    🔹 кеден заңнамасы саласындағы көптеген әкімшілік құқық бұзушылықтарға.

    ❌ Рақымшылық қолданылмайды:
    🚫 заңды тұлғаларға;
    🚫 лауазымды тұлғаларға;
    🚫 шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға;
    🚫 сот тағайындаған айыппұлдарға;
    🚫 салық салу объектілерін жасыруға, салықтарды төлеуден жалтаруға, салық міндеттемелерін төмендетуге, сондай-ақ мұнай өнімдері айналымы саласындағы бұзушылықтарға байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтарға (ҚР ӘҚБтК-нің 275, 277, 278-баптары және 281-баптың 7-бөлігі).

    ⚖️ Маңызды ақпарат
    * Рақымшылық әкімшілік айыппұлды орындаудан босатады, бірақ әкімшілік құқық бұзушылық фактісін жоймайды.
    * Егер айыппұл 2026 жылғы 2 шілдеге дейін толық немесе ішінара төленген болса, төленген қаражат қайтарылмайды.
    * Егер айыппұл бойынша атқарушылық іс жүргізу қозғалған болса, рақымшылық қолданылған жағдайда ол да тоқтатылуға жатады.

    💡 Маңызды!
    Айыппұлдардан босату автоматты түрде жүзеге асырылады. Осындай істер бойынша атқарушылық іс жүргізулер де тоқтатылуға жатады.
    ⏳ Мемлекеттік кірістер органдарына рақымшылық рәсімін аяқтау үшін 6 ай мерзім берілген. 📍 Айыппұлдарды есептен шығару үшін мемлекеттік кірістер органдарына жүгіну қажет емес.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары