«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті» РММ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының себептері мен оларға ықпал ететін жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында 2026 жылғы 27 шілде мен 21 тамыз аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Департамент қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы немесе оларды жою жөніндегі ұсыныстарыңызды [email protected] электрондық поштасына немесе Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 63 мекенжайына жолдай аласыздар. Байланыс телефоны: +7 (727) 273-00-94.









