
2026 жылғы 17 шілдеде Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында жалпыға бірдей құқықтық оқыту жоспары аясында басқарма мамандарына «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді. Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормалары, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, шаруашылық субъектілерін басқаруға және заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, өзге де ақы төленетін қызметпен айналысуға қатысты шектеулер түсіндірілді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметте әдеп қағидаларын сақтау, заң талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.









