Салық берешегі: 2026 жылдан бастап не өзгерді?

    ·
    Салық берешегі: 2026 жылдан бастап не өзгерді?

    2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда салық берешегін өндіріп алудың жаңа тәртібі қолданылады.

    20 АЕК-ке дейін – салық төлеушіге тек «Хабарлау» жіберіледі. Басқа мәжбүрлеу шаралары қолданылмайды.
    20-дан 45 АЕК-ке дейін – банк шоттары мен касса бойынша шығыс операциялары тоқтатылады және инкассалық өкімдер қойылады.
    45 АЕК-тен жоғары – барлық мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылады, оның ішінде мүлікті түгендеу және сату, сондай-ақ дебиторлық берешек есебінен өндіріп алу.

    2026 жылғы 1 шілдеден бастап 27 000 АЕК-тен асатын салық берешегі 3 ай бойы өтелмеген жағдайда, соттың санкциясы негізінде Қазақстан Республикасынан уақытша шығуға шектеу қойылуы мүмкін.

    Жалғыз тұрғын үйді алып қою тек заңды күшіне енген сот шешімімен ғана жүзеге асырылады.

    Өсімпұл:
    көлденең мониторингке қатысушылар үшін – 0,65;
    басқа салық төлеушілер үшін – 1,25 мөлшерлемесімен есептеледі.

    Жаңа Салық кодексі белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда салықтарды кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді), оның ішінде кейбір жағдайларда кепілсіз немесе банк кепілдігінсіз алуға мүмкіндік береді.

    Өндіріске арналған импорттық шикізат бойынша ҚҚС төлеуді кейінге қалдыру қарастырылған.

    Банктерден борышкердің шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы ақпарат сұрату шегі 5 000 АЕК-тен 2 500 АЕК-ке дейін төмендетілді.

    Толығырақ — 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII Қазақстан Республикасының Салық кодексінен (2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген).

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары