Мойынты кентінде жаңғыртылған теміржол вокзалы пайдалануға беріледі

    Мойынты кентінде жаңғыртылған теміржол вокзалы пайдалануға беріледі

    Мойынты кентінде жаңғыртылған теміржол вокзалы пайдалануға беріледі

    Мойынты кентінде теміржол вокзалының толық реконструкциясы мен күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Екі жылға жуық уақытқа созылған ауқымды жаңғырту нәтижесінде вокзал заманауи талаптарға сай жаңартылып, жолаушыларға қолайлы жағдайлар жасалды.

    Жаңғыртудан өткен теміржол вокзалының салтанатты ашылуы 30 шілде күні өтеді. Осы күннен бастап нысан тұрғындар мен жолаушылар игілігіне беріліп, өз жұмысын қайта бастайды.

    Вокзалдың қайта ашылуы – Мойынты кентінің инфрақұрылымын дамытудағы маңызды кезеңдердің бірі. Жаңартылған нысан тұрғындар мен қонақтарға сапалы қызмет көрсетіп, жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

    Заманауи талаптарға сай қайта жаңғыртылған вокзал – кенттің көркін арттырып қана қоймай, өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға да өз үлесін қосады.

    Мойынты тұрғындарын жаңартылған теміржол вокзалының ашылуымен құттықтаймыз! Бұл игі бастама кенттің одан әрі дамуына серпін беріп, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға қызмет етсін.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Мойынты қенті әкімінің аппараты" жаңалықтары