Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 56-бабына сәйкес, отандық және шетелдік интернет-платформалар арқылы жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы мәліметтерді ұсыну міндеттемесі енгізіледі.
Аталған мәліметтер уәкілетті органға ай сайын ұсынылады және төмендегі ақпаратты қамтиды:
сатушылар туралы мәліметтер;
өткізу көлемі;
жасалған мәмілелер туралы өзге де деректер.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғаларға төлемдер жүзеге асыратын шетелдік интернет-платформалар да осындай төлемдер туралы ақпарат ұсынуға міндетті болады.
Бұл YouTube, TikTok және басқа да цифрлық платформалар арқылы сыйақы алатын жеке тұлғалардың табыстарына камералдық бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.
Негізгі мақсат — электрондық сауданың ашықтығын арттыру және оған қатысушылардың салықтық міндеттемелерді толық орындауын қамтамасыз ету.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









