Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын cайлау туралы ақпараттық хабарлама

    Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын cайлау туралы ақпараттық хабарлама

    Құрметті отандастар!

    2026 жылғы 23 тамызда Бухарест қаласының уақыты бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшілігі жанындағы №463 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасының Құрылтайына сайлау өтеді.

    Сайлау өткізу туралы №1338 Жарлыққа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 1 шілдеде қол қойды.

    Румыниядағы Қазақстан Елшілігі жанындағы №463 учаскесінде 18 жасқа толған және Румынияда тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары дауыс беру құқығына ие.

    №463 сайлау учаскесінің дауыс берушілер тізіміне енгізілу үшін өз деректеріңізді (Т.А.Ә., ЖСН, туған күні және тұрғылықты мекенжайы) Елшіліктің консулдық бөліміне [email protected] электрондық поштасы арқылы жолдау қажет.

    Сайлау күні дауыс беру үшін өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасының жарамды паспорты немесе жеке куәлігі болуы тиіс.

    Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда +40 (723) 884 745 телефоны немесе [email protected] электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.

    Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшілігінің мекенжайы: Бухарест қаласы, 1 сектор, Пошталық индекс: 011993, Крынгулуй көшесі (Strada Crângului), 13 үй.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшілігі" жаңалықтары