Бухарестте Қазақстанның даму басымдықтары мен перспективаларына арналған сарапшылық диалог өтті

    1 / 4

    2026 жылғы 17 қараша, Бухарест қаласы– Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауының негізгі ережелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

    Іс-шара Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар ретінде Таяу Шығыс саяси және экономикалық зерттеулер институты (MEPEI), «EuroDefense Romania» және «Strategic Dialogue for Global Affairs Initiative» талдау орталықтары қосылды.

    Пікірталасқа Румыния Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, мемлекеттік және ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, академиялық орта, іскер топтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

    Кездесуді аша отырып, Қазақстанның Румыниядағы Елшісі А.Саинов Мемлекет басшысының Жолдауының негізгі ережелерін таныстырып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен жаңғыртылуының басты бағдарларына тоқталды.

    Сарапшылық пікірталас барысында экономикалық реформалар, инвестициялар тарту, өнеркәсіп пен инфрақұрылымды дамыту, энергетикалық қауіпсіздік, цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ қатысушылар Қазақстанның халықаралық аренадағы орны мен Еуропа және Азия арасындағы көлік-логистикалық байланыстарды нығайтудағы рөлін талқылады.

    Қазақстан-Румыния ынтымақтастығының перспективаларына да айрықша назар аударылды. Атап айтқанда, сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік, технологиялық және білім беру салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту мүмкіндіктері қарастырылды.

    Дөңгелек үстел сарапшылық байланыстарды нығайтуға және екіжақты диалогты дамытуға ықпал етіп, тараптардың әріптестікті одан әрі тереңдетуге өзара мүдделі екенін растады.

    Анықтама:іс-шара спикерлері қатарында «EuroDefense Romania» президенті, доктор Л. Мурешан, Бухарест Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті И.Стоклоса, Румынияның Қазақстандағы бұрынғы Елшісі Э.Рапча, UMP Plopeni бас менеджері, доктор К.Вишояну, SDGAi президенті, доктор Е.Мацой, Бухарест экономикалық зерттеулер университетінің профессоры О.Жора, MEPEI аға ғылыми қызметкері И.Мареш және Румыния Еуропалық институтының өкілі, доктор М.Себе болды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшілігі" жаңалықтары