
Жобаның негізгі мақсаты – Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыруға үлес қосу, жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, есірткіні тұтыну мен таратуға қатысты құқықтық жауапкершілікті түсіндіру, сондай-ақ бопсалау, кибербуллинг, ұрлық, алаяқтық және лудомания сияқты қоғамдағы өзекті мәселелердің алдын алып, жастар арасында салауатты орта қалыптастыру.
Жобаның алғашқы күні қатысушыларға арналған психологиялық тренингтер, арт-терапия және тимбилдинг бағдарламалары ұйымдастырылды. Бұл іс-шаралар жастардың өзара сенімін нығайтуға, командалық рухын арттыруға, эмоционалдық тұрақтылығын дамытуға және тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.









