Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының қызметкерлері үшін ақпараттық-түсіндіру семинары

    ·
    Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының қызметкерлері үшін ақпараттық-түсіндіру семинары
    Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының қызметкерлері үшін Zoom видеобайланыс арқылы ақпараттық-түсіндіру семинары өткізілді.
    Іс-шара халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру жөніндегі Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мандатын іске асыру аясында ұйымдастырылды.
    Семинар барысында қатысушыларға адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың конституциялық негіздері, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілеттіктері мен құзыреті, ұлттық құқық қорғау мекемелерінің қызметіне қатысты халықаралық стандарттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық міндеттемелері түсіндірілді.
    Сонымен қатар, Ұлттық алдын алу тетігінің қызметіне, азаптаудың және қатыгез қарым-қатынастың өзге де түрлерінің алдын алу мәселелеріне, мандатқа жататын мекемелерге превентивтік барулар жүргізу тәртібіне, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкілге жүгіну тетіктеріне, оның ішінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі электрондық терминалдарды пайдалану мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары