Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшелерімен жұмыс кездесуі

    ·
    Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшелерімен жұмыс кездесуі
    ✅️ Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің кеңсесінде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшелерімен жұмыс кездесуі өтті.
    Кездесудің күн тәртібіндегі негізгі мәселе жаңа ұйымдастыру кезеңі қарсаңында өңірдегі Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) қызметінің үздіксіз әрі тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету болды.
    🚦 ҰАТ БҰҰ азаптауға қарсы конвенциясының Факультативтік хаттамасына сәйкес құрылған және әлемнің көптеген мемлекеттерінде азаптаудың, қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас пен жазалаудың алдын алуға бағытталған тәуелсіз тетік ретінде жұмыс істейді. Қазақстанда ҰАТ жабық үлгідегі мекемелерге тұрақты түрде превентивтік барулар жүргізіп, адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттардың сақталуына және құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.
    Кездесудің басты мәселесі - қазіргі өңірлік ҰПТ қатысушыларының өкілеттік мерзімінің ағымдағы жылдың 31 желтоқсанында аяқталуы болып табылды. Осыған байланысты Үйлестіру кеңесіне негізгі міндеттердің бірі - жаңа қатысушыларды іріктеуді ұйымдастыру және ҰАТ алдағы жұмыс кезеңінде үздіксіз қызметін қамтамасыз ету жүктелді.
    Кездесу барысында қатысушылар облыстағы ҰАТ қызметінің нәтижелерін талқылап, превентивтік баруларды жүргізу тәжірибесі жөнінде пікір алмасты. Өңірдегі жабық және арнайы мекемелерге жүргізілетін мониторингтік сапарлар адам құқықтарының бұзылуының алдын алудың және бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың ұстау жағдайларын жақсартудың маңызды құралы екені атап өтілді.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары