«Адам саудасы – ауыр қылмыс»: Қызылорда облысының полицейлері ақпараттық пойызды қарсы алып, профилактикалық жұмыстар жүргізді

    ·
    «Адам саудасы – ауыр қылмыс»: Қызылорда облысының полицейлері ақпараттық пойызды қарсы алып, профилактикалық жұмыстар жүргізді

    «Адам саудасы – ауыр қылмыс» республикалық ақпараттық науқаны аясында 24–30 шілде аралығында Қазақстанда кең ауқымды республикалық акция өткізілуде. Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен жыл сайын 30 шілдеде аталып өтетін Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған. Ақпараттық науқан аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі еліміздің оңтүстік, солтүстік, батыс және шығыс бағыттары бойынша төрт үгіт-насихат пойызын жолға шығарды. Солардың бірі Маңғыстаудан Алматыға дейін қатынап, жол бойындағы өңірлерде тұрғындар мен жолаушыларға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қызылорда станциясында аталған ақпараттық пойызды Қызылорда облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қарсы алып, пойыз жолаушыларымен профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында азаматтарға адам саудасының белгілері, одан сақтану жолдары, құқықтық көмек алу тетіктері жөнінде кеңінен түсіндіріліп, арнайы ақпараттық жадынамалар таратылды. Сондай-ақ жолаушыларға тегін құқықтық кеңестер беріліп, анонимді сауалнама ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсаты – қоғамның назарын адам саудасы мәселесіне аудару, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, адамдарды қылмыстық қанауға тартудың заманауи тәсілдері туралы ақпарат беру және зардап шеккен азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру. Мұндай іс-шаралар адам саудасының алдын алуға, азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталған

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары