
Жазғы демалыс – балалардың көңіл көтеріп, тынығып қалуымен қатар, ата-аналар мен тиісті ведомстволар үшін ерекше жауапкершілікті талап ететін кезең. Осы мақсатта Алматы қаласы Балаларды қолдау басқармасының қызметкерлері Алатау ауданының тұрғындары арасында балалардың жазғы демалысы кезіндегі қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.
Кездесу барысында мамандар ата-аналар мен тұрғындарға жаз мезгілінде жиі кездесетін қауіп-қатерлердің алдын алу жолдарын түсіндірді. Атап айтқанда, келесі маңызды мәселелерге ерекше назар аударылды:
- Су айдындарындағы қауіпсіздік: Балаларды ересектердің қарауынсыз суға түсуге жібермеу, арнайы рұқсат етілген жағажайлар мен орындарды ғана пайдалану қажеттігі ескертілді.
- Тұрмыстық қауіпсіздік: Көпқабатты үйлердің терезелерінен балалардың құлап кету қауіпсіздігін сақтау үшін арнайы құлыптар мен блокаторлар орнату маңыздылығы айтылды.
- Жолдағы қауіпсіздік: Жол жүру ережелерін қатаң сақтау, балалардың велосипед, самокат және мопедті басқару кезіндегі қауіпсіздік ережелерін білуі қажеттігі атап өтілді.
- Алаңдар мен аулалар: Күн сәулесі өте ыстық уақытта балалардың ашық ауада ұзақ болмауы және күн өтуден (тепловой удар) қорғану шаралары түсіндірілді.
Іс-шара барысында мамандар тұрғындарға арнайы жадынамалар таратып, балалардың бос уақытын тиімді әрі қауіпсіз ұйымдастыру бойынша кеңестер берді.
Есіңізде болсын! Балалардың өмірі мен денсаулығы – бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз. Жаз мезгілі балаларға тек қуаныш пен бақыт әкелсін!









