Округтік сайлау комиссиясында бар бос орын туралы Алтынсарин аудандық мәслихатының
ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабына, Алтынсарин аудандық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 22 шілдедегі № 45/49 «Округтік сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату туралы» қаулысына сәйкес, Алтынсарин аудандық мәслихаты округтік сайлау комиссиясының құрамында бос орын барын хабарлайды..
Бос орындар бар сайлау комиссияларының тізімі төменде жарияланған.
Сайлау комиссияларының құрамындағы бос орындар саны 4(төрт).
Құрылған сайлау комиссияларына қатысты Қазақстан Республикасының саяси партияларының, өзге де қоғамдық бірлестіктерінің және одан жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстары 2026 жылдың 28 шілдесінен 11 тамызына дейін (қоса алғанда) аралығында қабылданады.
Көрсетілген кезеңде саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер және жоғары тұрған сайлау комиссиялары мәслихат аппаратына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) электрондық және қағаз жеткізгіштерде белгіленген нысандағы сайлау комиссияларына кандидаттар туралы мәліметтер (1 қосымша).
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидаттар ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияны, қоғамдық бiрлестiктi немесе олардың филиалдарын (өкiлдiктерiн) тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi;
4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші (2 қосымша).
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшелігіне кандидатура туралы ақпарат нысандары, өтініш мәслихаттың интернет-ресурсында орналастырылған ( https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-altynsarin?lang=kk ).
Сайлау комиссиясының құрамына кандидаттар бойынша ұсыныстар аудандық мәслихаттың аппаратында 2026 жылғы 11 тамызға дейін (қоса алғанда) дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08:30-ден 17:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін қабылданады.
Алтынсарин аудандық мәслихаты
Мусапирова Светлана Сағындыққызы – Алтынсарин аудандық мәслихатының төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Алтынсарин ауданы, Ленин көшесі, 4, аудан әкімдігінің ғимараты.
Құжаттарды қабылдау бойынша жауапты тұлға – Сартова Жанна Мейрамқызы 8(71445) 34-2-57, электрондық пошта мекенжайы [email protected].
Құрамында бос орындар бар Алтынсарин ауданының сайлау комиссиясының
ТІЗІМІ
№р/н |
Участок номері |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері |
Вакансиялар саны |
|
Округтік сайлау комиссиялары – 4 | |||
1. |
1 |
Танабай ауылы, Урожайная көшесі, 3 (мектеп ғимараты) |
2 |
2. |
4 |
Силантьев ауылы, Ленин көшесі, 10А (аудандық мәдениет үйінің ғимараты) |
1 |
3. |
9 |
Щербаково ауылы, Мәриям Хакімжанова атындағы көшесі, 48А (ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты) |
1 |
______________________






