Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауына қатысты ақпараттық хабарлама

    Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауына қатысты ақпараттық хабарлама

    ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫ!

    2026 жылғы 23 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшілігінің ғимаратында орналасқан № 479 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.

    Егер Сіз дауыс беру күні 18 жасқа толған, белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, сайлауға қатысып, дауыс беруге құқылысыз.

    Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшілігі жанындағы № 479 сайлау учаскесі бойынша сайлаушылар тізіміне Кувейт аумағында уақытша немесе тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты бар азаматтар енгізіледі.

    Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда төмендегі телефон нөмірлері немесе электрондық пошта арқылы хабарласуыңызды сұраймыз:

    +965 6704 2545
    +965 5007 0651
    [email protected]

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшілігі" жаңалықтары