Абай облысының лайықты өкілдері партиялық тізімге енді

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Абай облысының лайықты өкілдері партиялық тізімге енді

    «Әділет» партиясының кезекті съезінде партиялық тізім бойынша ұсынылған 186 кандидат тіркелді.

    Абай облысынан өз ісінің білікті мамандары, мол тәжірибесі, жоғары жауапкершілігі және өңір тұрғындарының зор сеніміне ие болған алты кандидат тіркелді. Олардың әрқайсысы Абай облысының мүддесін лайықты деңгейде қорғап, өңірдің одан әрі дамуына қомақты үлес қосатынына сенімдімін.

    Абай облыстық мәслихатының төрағасы Шалқар Заманбекұлы Байбековке ерекше алғысымды білдіремін. Оның кәсібилігі, принципшілдігі, бай басқарушылық тәжірибесі және өз ісіне деген адалдығы зор құрметке лайық әрі жауапкершілікпен еңбек етудің жарқын үлгісі болып табылады.

    Барлық кандидаттарға сайлау науқанында табыс, тұрғындардың қолдауына ие болуды, өз күштеріне сенімділік, алға қойған мақсаттарына жетуді және Абай облысы мен Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы жемісті қызметті тілеймін!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары