Райымбек ауданының еңбек ұжымдары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

    Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу іс-шаралар жоспарына сәйкес 2026 жылғы 27 шілдесінде №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы А. Жанбатыр, «Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру қоры» АҚ-ның Алматы облысы бойынша филалының өкілінің қатысуымен Райымбек аудандық ауруханасының және білім бөлімінің ұжымында халықты әлеуметтік қолдау шараларын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.

    Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі аясында зейнетақы және жәрдемақылар бойынша енгізілген өзгерістер, арттырыулар, балалы отбасыларды қолдау, әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдер мәселелері түсіндірілді.

    Түсіндірме жұмыстарының соңында аудан тұрғындары тарапынан қойылған барлық сұрақтарға мамандармен жан-жақты жауап берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті" жаңалықтары