КЕШКІ ШЫМКЕНТТІ ӘНМЕН ТЕРБЕТКЕН «ШЫМҚАЛА КЕШТЕРІ»

    КЕШКІ ШЫМКЕНТТІ ӘНМЕН ТЕРБЕТКЕН «ШЫМҚАЛА КЕШТЕРІ»

    Шымкенттік тұрғындарды көтеріңкі көңіл-күйге бөлеп жүрген «Шымқала кештері» сенбілік демалыста «Заң мен Тәртіп»тұжырымдамасы аясында қоғамдық құқықтық мәдениетті насихаттаумен басталды. Демалыстағы дәстүрлі кешке айналған концерттік бағдарлама шаһардағы – Арбат алаңында, «Шымсити» саябағында және «Шымқала» тарихи-мәдени кешенінде («Этноауыл») ұйымдастырылып, тұрғындарға заңды құрметтеу мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтаудың маңыздылығын түсіндіріп өтті.

    «Шымкент концерт» концерттік ұйымы өнерпаздарының қатысуымен өткен кеште Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен басталып, Қуаныш Абжапбар, Фариза Беймаханбет, Байкен Құрманалиев, Саят Сұлтанбек және «Өркен» тобының орындауындағы рухты, отансүйгіштік әндермен жалғасты.

    Тұрғындар мен қала қонақтарына рухани азық пен мазмұнды демалыс сыйлаған «Шымқала кештері» шаһарымыздың мәдени әрі қоғамдық өміріндегі айтулы оқиғаға ғана емес көрерменнің де көзайымына айналып келеді.

    Ұқсас материалдар

    ""Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасы" КММ" жаңалықтары