
Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен Сарайшық ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұйымдастыруымен дәріхана желілерінің өкілдері, фармацевтер, әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік тіркеуге жататын өнімдерді (тауарларды) жарнамалауды жүзеге асыратын тұлғалардың қатысуымен «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудағы және қадағалаудағы мемлекеттік тіркеуге жататын өнімдердің (тауарлардың) жарнамасын жүзеге асыру қағидалары» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында мемлекеттік тіркеуге жататын өнімдердің (тауарлардың) жарнамасын қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асыру мәселелері жан-жақты түсіндірілді.
Атап айтқанда:
1. Бақылау сатып-алуларды жүргізу тәртібі мен қағидалары түсіндірілді.
2. Сатылымға жіберілетін тауарлардың «Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінде» болуын тексеру және жарнамада өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіндегі мәліметтерге сәйкес келуі тиістілігі ескертілді. (Тізілімде ЕЭО-қа мүше мемлекеттерде өндірілген өнімдердің куәліктерін тексеріп көре аламыз, алайда одаққа мүше емес басқа да мемлекеттер өнімдерін тексере алмайтындығымыз түсіндірілді. Ол өнімдерді Қазақстан аумағында сатуға тыйым салынады. 3. Мемлекеттік тіркеуден өтпеген немесе талапқа сай келмейтін өнімдерді жарнамалауға тыйым салу.
4. Жарнамалау барысында тыйым салынатын жағдайлар: өнімді дәрілік зат ретінде көрсету (егер ол дәрі болмаса), өнімді қолданудың міндеттілігі туралы бұрмаланған ақпарат, тіркеу куәлігінде жоқ емдік қасиеттерді жазу, балаларға, жүкті әйелдерге қатысты арнайы шектеулерді жасыру.
5. Жарнамада көрсетілуі тиіс ақпараттар, яғни өнімнің толық атауы, мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі мен берілген күні, өндіруші ел және өндірушінің атауы, қолдану тәсілі мен ерекшеліктері (қажет болғанда) талқыланды.
6. Биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) жарнамалау кезінде халықтың денсаулығын қорғау, жарнамадағы ақпараттың шынайылығын қамтамасыз ету, тұтынушыларды алдаудың алдын алу, мемлекеттік тіркеуден өтпеген немесе талапқа сай келмейтін өнімдерді жарнамалауға тыйым салу қағидалары ескертілді.









