🚣 Артём Матусевич жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

    🇰🇿 Германияның Дуйсбург қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы академиялық ескек есуден әлем чемпионатында қазақстандық Артём Матусевич тарихи жетістікке қол жеткізді.

    🥉 Ол жеңіл салмақтағы ерлер арасындағы жекелей сында үшінші орын алып, Қазақстан тарихындағы осы жас санатындағы әлем чемпионатының алғашқы медалін жеңіп алды.

    🏆 Жүлдегерлер:
    🥇 Жоау Велозу (Португалия)
    🥈 Ангелос Афанасиадис Каудис (Грекия)
    🥉 Артём Матусевич (Қазақстан)

    👏 Бұл – Қазақстанның академиялық ескек есу тарихындағы жастар арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы жүлде.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Аманқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ" жаңалықтары