2026 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінде "Ашық есік күні" ұйымдастырылды.

    ·

    Іс-шара барысында Департамент мамандары азаматтар мен ұйым өкілдеріне медициналық және фармацевтикалық қызметке лицензия алу мәселелері бойынша консультациялар өткізіп, денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндірді.

    Сондай-ақ медициналық ұйымдар көрсететін медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, лицензиялық талаптарды сақтау және нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Іс-шараға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жан-жақты жауап алып, Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тәжірибелік ұсынымдар мен қажетті түсіндірмелерге ие болды.

    Департамент халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтармен ашық әрі тиімді өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырады.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары