
Құрметті отандастар!
2026 жылғы 23 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігі жанындағы
№ 413 сайлау учаскесінде (мекенжайы: 1401 16th Street NW, Washington, DC 20036) Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді.
№ 413 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне Америка Құрама Штаттары аумағында уақытша немесе тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты немесе жеке куәлігі бар Қазақстан Республикасының азаматтары енгізіледі.
№ 413 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне енгізу үшін төмендегі сілтеме арқылы Google-нысанын толтырып, алдын ала тіркелу қажет.
Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/9g7KCnakZfjH6QwY9
Дауыс беру күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты немесе жеке куәлігі немесе олардың eGov Mobile қосымшасындағы цифрлық нұсқасы болуы қажет.
Сайлау бюллетеньдерінің саны алдын ала тіркелген сайлаушылардың саны негізінде айқындалады. Алдын ала тіркелмеген жағдайда, дауыс беру күні сайлау бюллетенін алу мүмкіндігі шектеулі болуы мүмкін.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінің Консулдық бөліміне келесі телефон нөмірлері немесе электрондық пошта арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: +1 (202) 232-5488 (121, 127, 109), [email protected]; [email protected].
Сіздерді Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына қатысып, белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырамыз!





