Консулдық мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау
ҚР азаматтарының назарына! 2026 жылғы 19-20 наурызда Майами қаласында (Флорида штаты) консулдық мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау өткізіледі. Құжаттарды қабылдау уақыты келесідей: 📌 19 наурыз: 15:00-ден 19:00-ге дейін (3:00 pm – 7:00 pm) 📌 20 наурыз: 08:00-ден 12:00-ге дейін (8:00 am – 12:00 pm) 🔹 Назар аударыңыз! Қабылдау уақыты өзгерген жағдайда, алдын ала жазылған азаматтарға консулдық қызметкер жеке хабарласып, басқа уақытты келіседі. 📍 Қабылдау өтетін мекен-жай 9090 South Dadeland Boulevard, Miami, FL 33156 “Miami Marriott Dadeland” қонақ үйдің фоесі. 📌 Қабылдауға жазылу үшін төмендегі сілтемеге өтіңіз https://forms.gle/hCxe8b8sRycd79Px6 ❓ Сұрақтарыңыз болса, бізге келесі байланыстар арқылы хабарласыңыз: 📩 Email: [email protected] 📱 WhatsApp: +1 202 595 6467 💰 Консулдық алымдар тек Қазақстанның Елшілігіне арналған «Money Order» арқылы қабылданады. 📜 Төмендегі консулдық қызметтер бойынша құжаттар қабылданады: ҚР азаматының паспортын ресімдеу; ҚР азаматтарының шетелде тұрақты тұруына рұқсатты ресімдеу; ҚР азаматтығын жоғалтуды тіркеу; ҚР-ға қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу; ҚР АҚШ-тағы Елшілігінің консулдық есебіне тіркелу; ҚР мемлекеттік органдарынан құжаттарды талап ету. 📌 Дайын құжаттарды алу үшін қабылдауға жазылудың қажеті жоқ. Құжаттар кезектен тыс беріледі.