Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы аумақтық еңбек инспекциясы департаменттерінің жұмысын қорытындылады

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы аумақтық еңбек инспекциясы департаменттерінің жұмысын қорытындылады

    2026 жылғы 24 шілдеде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың төрағалығымен Министрліктің кеңейтілген отырысы өтті. Онда ведомствоның 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындылары қаралып, жыл соңына дейінгі негізгі міндеттер айқындалды.

    Отырысқа министрлік қызметкерлері, орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың, комитеттер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

    Отырысты ашқан Асқарбек Ертаев министрліктің мемлекеттік әлеуметтік саясатты іске асыруды жалғастырып, азаматтар алдындағы әлеуметтік міндеттемелердің уақтылы орындалуын қамтамасыз етіп отырғанын атап өтті.

    Азаматтардың еңбек құқықтарын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың нәтижелері туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев баяндады. Оның айтуынша, мемлекеттік еңбек инспекциясы еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету бағытындағы қызметін жүйелі түрде күшейтіп келеді.

    «Биылғы жылдың алты айында мемлекеттік еңбек инспекторлары 3 607 тексеру жүргізді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,6%-ға көп. Бақылау іс-шаралары барысында еңбек заңнамасының 4 мыңнан астам бұзушылығы анықталып, жұмыс берушілерге 2,3 мыңнан астам міндетті нұсқама берілді, сондай-ақ әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданды», – деді Ербол Тұяқбаев.

    Отырыс қорытындысы бойынша министрліктің құрылымдық бөлімшелері, комитеттері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларына жоспарланған іс-шаралардың іске асырылуын, сондай-ақ 2026 жылдың соңына дейін белгіленген нысаналы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті"РММ" жаңалықтары