Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Отарғалымұлы Еркін Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып тағайындалды.

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Отарғалымұлы Еркін Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып тағайындалды.

    Азаматтық қорғау органдарындағы кәсіби жолы 2002 жылы Көкшетау техникалық институтында курсант болып басталды. Ведомствоның мемлекеттік өрт бақылау, ақпараттық-талдау және төтенше жағдайлардың алдын алу бағыттарында түрлі қызметтер атқарып, мол кәсіби және басқарушылық тәжірибе жинақтады.

    Еңбек жолында Шығыс Қазақстан облысы, Астана және Нұр-Сұлтан қалаларының Төтенше жағдайлар департаменттерінде қызмет атқарды. 2015–2018 жылдары Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Ақпараттық-талдау басқармасы мен Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасын басқарды.

    2018–2020 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Байқоңыр ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

    2020 жылғы маусымнан 2023 жылғы қазанға дейін Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы болды.

    2023 жылғы қазаннан 2025 жылғы қаңтарға дейін Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, ал 2025 жылғы қаңтардан бастап Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары