
«Таза Қазақстан» акциясы тек тазалық қана емес, бұл — ұқыптылық пен жауапкершілікке тәрбиелейтін қадам. Қазіргі заман адамы табиғатпен үндестік орнатуы қажет. Себебі, таза табиғат — ұлт денсаулығының кепілі.Осындай акциялар арқылы жастар бойында экологиялық сана қалыптасып, қоршаған ортаға деген көзқарасы өзгереді. Ақшатау кенті округінде апта сайын “ Таза бейсенбі” акциясы жалғасын табуда. Тазалық жұмыстарына мекеме қызметкерлері және ауыл жастары жұмылдырылуда.







