2026 жылғы 25 шілдеде, сенбі күні Алтай, Серебрянск қалаларында және Жаңа Бұқтырма кентінде дәстүрлі демалыс күнгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтті.

    Алтай ауданының әкімдігі·
    2026 жылғы 25 шілдеде, сенбі күні Алтай, Серебрянск қалаларында және Жаңа Бұқтырма кентінде дәстүрлі демалыс күнгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтті.

    Жәрмеңкеде тұрғындар мен қала қонақтарына жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен шаруа қожалықтарының сапалы өнімдері қолжетімді бағамен ұсынылды. Сатылымға сиыр еті, жылқы еті, күнбағыс майы, бал, жаңа ауланған және ысталған балық, сондай-ақ басқа да табиғи өнімдер шығарылды.

    Жәрмеңке қорытындысы бойынша 4,4 тонна өнім сатылып, жалпы 14,6 млн теңгенің өнімі өткізілді.

    Мұндай жәрмеңкелер жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға, тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз етуге және өңірдің ауыл шаруашылығын дамытуға өз үлесін қосады.

    Ұқсас материалдар

    "Алтай ауданының әкімдігі" жаңалықтары