Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру және еңбек заңнамасын сақтау мәселелері бойынша семинар

    ·
    Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру және еңбек заңнамасын сақтау мәселелері бойынша семинар

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ мемлекеттік еңбек инспекторы А.М. Валеевтің және «Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-нің бірлесуімен 2026 жылғы 15 шілдеде «Кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру кезінде еңбек заңнамасын сақтау және Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру» тақырыбында семинар өткізілді.

    Семинар барысында қатысушыларға кәмелетке толмағандарды жұмысқа қабылдау ерекшеліктерін реттейтін еңбек заңнамасының талаптары, еңбек шартын жасасу тәртібі, жұмыс түрлеріне қойылатын шектеулер, жұмыс уақытының ұзақтығы, сондай-ақ кәмелетке толмаған жұмыскерлердің құқықтары мен кепілдіктері түсіндірілді.

    Сонымен қатар, қатысушыларға Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар таныстырылып, оларды тәжірибеде қолдану тәртібі түсіндірілді және семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.

    Осындай іс-шараларды өткізу жұмыс берушілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және еңбек заңнамасының бұзылуының алдын алуға бағытталған.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары