
«Stop: Есірткіге жол жоқ!» акциясы аясында есірткі жарнамасы бейнеленген өнімдерді сатуға жол бермеу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Бауыржан Қанатұлы Қарбеков және «Жастар ресурстық орталығы» КММ мамандары қатысты.
Түсіндіру жұмыстары барысында кәсіпкерлерге есірткіні насихаттайтын бейнелер мен жазулар бейнеленген тауарларды сатудың алдын алу, заң талаптарын сақтау және қоғамдағы жауапкершілікті арттыру мәселелері түсіндірілді.









