Президент тапсырмаларын іске асыру: шағын бизнеске 21 млрд теңге қолдау көрсетілді

    Президент тапсырмаларын іске асыру: шағын бизнеске 21 млрд теңге қолдау көрсетілді

    Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2025 жылдың желтоқсанында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры іске қосқан «Іскер аймақ» бірыңғай бағдарламасы кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді тетігіне айналып келеді. Бағдарлама микро және шағын бизнес субъектілерінің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Оның ішінде ауылдық елді мекендер мен моноқалалардағы кәсіпкерлерге басымдық беріледі.

    Бағдарламаның негізгі ерекшелігі-өңірлік тәсілдің қолданылуы. Әр облыстың экономикалық ерекшелігі мен қажеттілігі ескеріліп, басым бағыттар жергілікті атқарушы органдар мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуымен айқындалады.

    Бүгінде «Іскер аймақ» бағдарламасы аясында жалпы құны 21 млрд теңгеден асатын 300-ден астам жобаға қолдау көрсетілді. Ал 2026 жылы 400 млрд теңге көлемінде 5 мыңға жуық жобаны қаржыландыру жоспарланып отыр.

    «Іскер аймақ»: өңірлердегі табысты жобалар

    Тері өңдеудегі жасыл технологиялар (Жамбыл облысы)

    «Іскер аймақ» бағдарламасының қатысушыларының бірі- «Қожабекова Г.Т.» жеке кәсіпкерлігі. Бұл – Жамбыл облысында қой терісін өңдеп, үлбір бұйымдарын өндірумен айналысатын, жиырма жылдан астам тарихы бар бірегей кәсіпорын.

    Кәсіпорын жыл сайын отандық аяқ киім және тігін өндірістеріне46 мыңға жуық өңделген қой терісінжеткізіп,20 мыңға жуық дайын үлбір өніміншығарады. Оның қатарында әскери бас киімдер, тондар мен жартылай тондар бар. Өнімдер «Қазақстан темір жолы»ҰК» АҚ-ға, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне және Қорғаныс министрлігіне жөнелтіледі. Кәсіпорын өнімдері Жамбыл, Атырау, Алматы және Түркістан облыстарына, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларына жеткізіледі. 2025 жылы өндірілген өнімнің шамамен10%-ыРесей мен Өзбекстан нарығынаэкспортталды.

    Мемлекеттік қолдау аясында кәсіпорын күн электр панельдерін орнатты. Бұл электр энергиясына жұмсалатын шығынды38%-ғадейін қысқартып,өндірістің энергия тиімділігін арттыруға әрі қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Жобаның нәтижесінде жыл сайын24 мыңға дейінимпорттық үлбір бұйымының орнын отандық өнім басады.Сонымен қатар өңірлік нарықтағы осы санаттағы өнімге деген сұраныстың20%Қазақстанда өндірілген дайын өнім есебінен қамтамасыз етіледі.

    Күріш өндірісін дамытуға серпін (Қызылорда облысы)

    «Іскер аймақ» бағдарламасы аясында қолдау алған кәсіпкерлердің бірі-Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы«Досжан Тұрлыбаев»жеке кәсіпкерлігі. Кәсіпорын күріш өндірумен және өңдеумен айналысады.

    Бағдарлама шеңберінде кәсіпкер айналым қаражатын толықтыру үшін110 млн теңге көлемінде қаржыландыруғаие болды. Қаражат күріш шикізатын сатып алып, оны кейіннен өңдеуге бағытталды.

    Несие бойынша банктің сыйақы мөлшерлемесі22%. Оның8,8 пайыздық тармағы мемлекет тарапынан субсидияланатындықтан, кәсіпкер үшін түпкілікті мөлшерлемежылдық 13,2%-дықұрады. Сонымен қатар жобаға«Даму» қорының кепілдігіберіліп, қажетті қаржыға қол жеткізуге мүмкіндік жасалды.

    Қазіргі таңда кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне150 тоннаға дейін күріш өңдеугемүмкіндік береді. Өнім ішкі нарықпен қатарҚырғызстан,РесейжәнеАуғанстанғаэкспортталады.

    Жобаны іске асыру нәтижесінде жыл сайын1,5–2 мың тоннаимпорттық күріш өнімінің орнын отандық өнім алмастырады. Сондай-ақ өңірлік нарықтағы сұраныстың20–25%-ынжергілікті өндіріс есебінен қамтамасыз ету көзделіп отыр.

    Мемлекеттік қолдау кәсіпорынның өндіріс көлемін ұлғайтып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға да мүмкіндік береді.

    Ақылды медициналық техника (Солтүстік Қазақстан облысы)

    Петропавл қаласындағы«Ультрамедтех KZ» ЖШС2020 жылдан бері медициналық жабдық өндірумен айналысады.

    Кәсіпорын бактерицидтік сәулелендіргіштерді, ауа рециркуляторларын, озонаторларды, ультракүлгін шамдарды, ламинарлық шкафтарды және стерильді эндоскоптарды сақтауға арналған шкафтарды шығарады. Бүгінде компания өнімдері еліміздің барлық өңіріндегі медициналық ұйымдарға жеткізіліп келеді.

    «Іскер аймақ» бағдарламасы аясында кәсіпорын100 млн теңгекөлемінде үш жылдық несие алды. Қаржы өндірісте қолданылатын бөлшектер мен компоненттерді сатып алуға бағытталды.

    Жоба жүзеге асқаннан кейін кәсіпорынның өндірістік қуаты екі есеге артып, жылына шығарылатын медициналық жабдық көлемі5 мыңнан 10 мың данаға дейінұлғаяды. Сонымен қатар5 жаңа жұмыс орныашылады. Өндіріс көлемінің артуы шетелдік баламалардың үлесін қысқартып, қазақстандық денсаулық сақтау ұйымдарын отандық өндірістің заманауи медициналық жабдықтарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Кәсіпорынның басты артықшылықтарының бірі-өндірістен бөлек, өз бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесінің болуы. Оның көмегімен жеткізілген жабдықтың техникалық жай-күйін нақты уақыт режимінде қашықтан бақылауға және сервистік қызмет көрсетуді жедел ұйымдастыруға болады.

    TARIX брендінің ірімшіктері (Түркістан облысы)

    Түркістан облысындағы«Бахар» жеке кәсіпкерлігіTARIXбрендімен ірімшік өндіруге маманданған. Кәсіпорын жергілікті сүт шикізатын өңдеп, өңірдегі сүт өндірушілермен тұрақты ынтымақтастық орнатқан. Осылайша облыстың өңдеу өнеркәсібінің дамуына өз үлесін қосып келеді.

    Бағдарлама аясында кәсіпорын100 млн теңгекөлемінде несие алды. Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі21%. Оның8,4 пайыздық тармағын мемлекет субсидиялайды, нәтижесінде кәсіпкер үшін түпкілікті мөлшерлемежылдық 12,6%-дықұрады.Қаражат сүт шикізатын сақтауға арналған арнайы қойма салуға бағытталды.

    Жоба іске қосылғаннан кейін ірімшік өндіру көлемі тәулігіне200 келіден 260 келіге дейінұлғаяды. Сонымен қатар жыл сайын40 тоннаға дейін импорттық сүт өнімінің орнын отандық өнім басып, өңірлік нарықтағы сұраныстың5%-ынқамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Өнім Түркістан облысының аумағында, оның ішінде Шардара және Жетісай аудандарында, сондай-ақ Түркістан қаласында сатылады.

    Жоба жергіліктіфермерлік шаруашылықтарменынтымақтастықты нығайтуға, отандық сүт шикізатын өңдеу көлемін ұлғайтуға және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

    Отандық тұрмыстық бұйымдар өндірісі(Ақтөбе облысы)

    Ақтөбе қаласындағы«Жантлеуова Г.А.» жеке кәсіпкерлігітөсек-орын жабдықтары мен тұрмысқа қажетті ұлттық бұйымдар өндіреді. Кәсіпорын көрпе, жастық, көрпе-төсек, матрас, сандық және жасауға арналған бұйымдар шығарады. Өндірісте табиғи материалдар заманауи дизайн шешімдерімен ұштастырылады. Бүгінде кәсіпорын өнімдері тек Ақтөбе облысында ғана емес, еліміздіңбарлық өңіріндесұранысқа ие.

    «Іскер аймақ» бағдарламасы аясында кәсіпкер 3 жыл мерзімге 35 млн теңге көлеміндеқаржыландырылды. Қаражат айналым қаражатын толықтыруға, шикізат қорын ұлғайтуға, өндіріс сапасын жақсартуға және өнімді нарыққа ілгерілетуге бағытталды. Көрсетілген қолдаудың нәтижесінде өндіріс көлемі айтарлықтай артты. Атап айтқанда, тәулігіне шығарылатын жастық саны12-ден 20 данаға, ал көрпе өндірісі30-дан 50 данағадейін өсті.Кәсіпорындағы қызметкерлер саны7 адамнан 10 адамға дейінкөбейді. Алдағы уақытта қосымша20 жаңа жұмыс орнынашу жоспарланып отыр.

    Кәсіпкерлердің тәжірибесі мемлекеттік қолдаудың нақты нәтижесін көрсетеді. Бағдарлама кәсіпорындардың өндірісін жаңғыртуға, өнім көлемін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, өткізу нарығын кеңейтуге және импорттық өнімнің үлесін отандық тауарлармен алмастыруға мүмкіндік беріп отыр.

    «Іскер аймақ» бағдарламасына қалай қатысуға болады?

    Бағдарлама аясында кәсіпкерлерге мынадай қолдау тетіктері ұсынылады:

    қаржыландырудың ең жоғары сомасы- 200 млн теңгеге дейін;
    қаржы инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға беріледі;
    сыйақы мөлшерлемесі21%-дан аспайды (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі + 4%);
    мемлекет сыйақы мөлшерлемесінің40%-ын субсидиялайды, бұл ретте кәсіпкер үшін түпкілікті мөлшерлемежылдық 12,6%-дан төмен болмайды;
    субсидиялау мерзімі –3 жылға дейін.

    Бағдарлама бойынша толық ақпаратты«Даму» қорыныңөңірлік филиалдарынан немесе1408бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады. Шалғай елді мекендердің тұрғындары үшін көшпелі фронт-офистер жұмыс істейді. Олар кәсіпкерлерден өтінімдерді жергілікті жерде қабылдайды.

    Сонымен қатар қаржыландыруға бағдарламаның серіктес банктері арқылы да өтінім беруге болады. Қазіргі уақытта«Даму» қорыекінші деңгейдегі8 банкпенжәне4 лизингтік компанияменынтымақтастық орнатқан.

    «Қазақстан Халық Банкі» АҚ,
    «Банк ЦентрКредит» АҚ,
    «ForteBank» АҚ,
    «Нұрбанк» АҚ,
    «Еуразиялық банк» АҚ,
    «Қазақстан-Зираат Интернешнл Банк» ЕБ АҚ (KZI Bank),
    «Bank RBK» АҚ,
    «Alatau City Bank» АҚ (бұрынғы Jusan Bank),
    «Merz Leasing Machinery» ЖШС,
    «QZQ Finance» ЖШС,
    «Нұр Лизинг» ЖШС,
    «BCC Leasing» ЖШС.

    Бағдарлама туралы толық ақпаратты, сондай-ақ Қор филиалдарының байланыс деректері мен мекенжайларынwww.damu.kz ресми сайтынан білуге болады.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі" жаңалықтары