2026 жылдың I жартыжылдығында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің қорытындылары

    ·
    2026 жылдың I жартыжылдығында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің қорытындылары

    Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және оның аумақтық басқармалары 2026 жылдың I жартыжылдығында халыққа 698 мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде 617 рұқсат беру құжаты рәсімделіп, 81 өтініш бойынша дәлелді бас тарту берілді.
    Мемлекеттік қызметтер толықтай электрондық форматта және тегін түрде eGov.kz және www.elicense.kz порталдары арқылы көрсетіледі.
    Есепті кезеңде:
    * эпидемиологиялық маңызы жоғары объектілер бойынша – 359 өтініш;
    * санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру бойынша – 229 өтініш;
    * патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істеуге – 32 өтініш;
    * тамақ өнімдерін өндіру объектісіне есептік нөмір беру – 1 өтініш;
    * маман сертификатын беру – 71 өтініш;
    * дезинфекция, дезинсекция және дератизация қызметіне лицензия беру бойынша 6 өтініш қаралды.

    Сонымен қатар, басқа мемлекеттік органдардың рұқсаттарын келісу бойынша 153 өтініш қаралды.
    Халықты ақпараттандыру мақсатында 1345 түсіндіру іс-шарасы өткізіліп, 11 200 адам қамтылды.
    2026 жылдың I жартыжылдығында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу және көрсетілетін қызметтер бойынша шағымдар тіркелген жоқ. Мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау тұрақты негізде жүргізілуде.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары