
Қытайдың Шанхай қаласында өткен WorldSkills Shanghai 2026 әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына 8 марапат әкелді.
Біз үшін ерекше мақтаныш — Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің студенті Панин Денис Қазақстан намысын «Мехатроника» құзыреттілігі бойынша командалық сайыста қорғап, кәсіби шеберлігі үшін медальға (Medallion for Excellence) ие болды!
Бұл жетістік — үлкен дайындықтың, табанды еңбектің, кәсіби білім мен шеберліктің нәтижесі. Әлемдік деңгейдегі додада колледжіміздің студентінің Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетуі — біз үшін зор мәртебе әрі мақтаныш!
Панин Денисті және оның дайындығына үлес қосқан ұстаздары мен сарапшыларын шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете беруіңе тілектеспіз!
Жеңістерің көп болсын, Денис! Колледжіміздің абыройын асқақтата бер!









