2026 жылдың 24-ші шілдесі күні онлайн режимінде Ақжар аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс 43-ші сессиясы өтті

    2026 жылдың 24-ші шілдесі күні онлайн режимінде Ақжар аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс 43-ші сессиясы өтті

    Отырыс барысында депутаттар аудандық мәслихаттың бұрын қабылданған шешімдеріне өзгерістер еңгізу, Қазан ауылын дамыту және құрылысын салу схемасын бекіту, сондай-ақ мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына өзгерістер еңгізу мәселелерін қарады.

    Сессия барысында негізгі назар бюджет мәселелеріне аударылды. Депутаттар Ақжар ауданының 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджетіне еңгізілетін өзгерістерді, сондай-ақ осы кезеңге арналған Айсары және Май ауылдық округтерінің бюджеттеріне еңгізілетін өзгерістерді қарап, бекітті.

    Қабылданған шешімдер бюджеттерде көзделген іс-шараларды уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етуге, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін орындауға бағытталған.

    Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты" жаңалықтары