Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты
Құрметті қолданушылар!
Ақжар аудандық мәслихатының ресми сайтына қош келдіңіздер.
Бұл сайтта аудандық мәслихаттың депутаттық корпусының қызметі туралы толық ақпарат берілетін болады.
Бүгінгі таңда жергілікті өкілді органдардың өкілеттіктері айтарлықтай кеңейтілді, бұл әрбір азаматтың жергілікті мәселелерді шешуге белсенді қатысуын білдіреді. Бұл мәслихаттардың қызметі барынша жария және ашық болуы керек деген сөз.
Пайдаланушылармен кері байланыс үшін онлайн-қабылдау құрылды, ол арқылы сұрақтарыңыз бен өтініштеріңізді жолдауға, мәслихат аппаратының жұмысы бойынша ұсыныстар енгізуге, депутаттардың қабылдауына жазылуға болады.
Сайтымыз арқылы аудандық мәслихаттың халықпен ынтымақтастығы мен тығыз байланысын толық жүзеге асыра аламыз деп сенемін.
Жаңалықтар
2026 жылдың 24-ші шілдесі күні онлайн режимінде Ақжар аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс 43-ші сессиясы өтті
Ақжар аудандық мәслихатының депутаттары жасанды интеллектті қолдану мәселелері бойынша оқудан өтуде
Ақжар аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті
Азаматтарды жеке қабылдау
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті
Құжаттар
«Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 7 қарашадағы № 11-4 шешіміне өзгеріс еңгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 7 қарашадағы № 11-4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7617-15 болып тіркелді) келесі өзгеріс еңгізілсін: Жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.