
«Төлеңгіт ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде округ тұрғындарына «өзіне - өзі қызмет көрсету бұрышы» орналасқан. Округ тұрғындары интернет желілері қосылған компьютерлердің көмегімен, керекті анықтамаларды ала алады.
«Электрондық үкімет» «egov.kz», «Электрондық лицензия» «e.license», порталдарына кіріп, электронды цифрлы қолтаңбамен тіркеліп, келесі қызметтерді онлайн түрде алуға болады: қашықтықтан ЭЦҚ ашу (электронды цифрлы қолтаңба), мекен-жай бойынша тіркеуге тұру; тіркеуден шығару; емханаға тіркелу;әскери есеп және қауіпсіздік құжаттары, жүргізуші куәлігінің уақытын ұзарту, жеке басында мүліктің тіркелуі, тіркелмеуі, соттылығы бар, жоқтығы туралы және денсаулығына қатысты анықтамалар, мүмкіншілігі шектеулі азаматтар үй кезегіне тұру, балаларға жәрдемақы тағайындауға өтініш білдіру, зейнетақы жинақтары туралы және тағы басқа анықтамаларды электронды, жылдам және тегін алуға болады.
Сонымен қатар, «Төлеңгіт ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 5 түрін ұсынады.
- Кент,ауыл жерлерінен жер учаскесін беру.
- Сауда-саттық (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарын алу.
- Жер учаскелерін алу үшін кезекке қою.
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.
- «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік қызметі.
Электронды порталмен жұмыс жасау кезінде қиындықтар туындайтын болса, әкімшілік қызметкерлерінен немесе 1414 номеріне хабарласып кеңес алуларыңызға болады.
Толық ақпаратты төмендегі көрсетілген мекен-жайымыздан біле аласыздар: Ескелді ауданы, Жетісу ауылы, Досқожанова көшесі №26.





