Зеренділік көпбалалы ана «Күміс алқа» алқасымен марапатталды

    Зеренділік көпбалалы ана «Күміс алқа» алқасымен марапатталды

    Бүгін Зеренді ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында көпбалалы ана Хамидуллина Анар Амангелдіқызына «Күміс алқа» мемлекеттік наградасын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.
    Мемлекеттік награданы Зеренді ауылдық округінің әкімі Нұртас Әбуғалиев табыс етті. Құттықтау сөзінде ол ана болу - зор жауапкершілік пен күнделікті қажырлы еңбекті, мейірім мен сабырды талап ететін қасиетті міндет екенін атап өтті. Сондай-ақ көпбалалы аналардың қоғамдағы орны ерекше екенін айтып, олардың бала тәрбиесіндегі еңбегі әрдайым құрметке лайық екенін жеткізді.
    Анар Амангелдіқызы алты баланы тәрбиелеп отырған ардақты ана.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысы Зеренді ауданының Зеренді ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары