Қазақстан халықаралық делегацияға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы цифрлық шешімдерді таныстырды
Халықаралық көші-қон ұйымының делегациясы және Грекия, Мажарстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдарының өкілдері мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстанның тәжірибесімен танысу мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына келді.
Кездесу тәжірибе алмасу форматында өтті. Тараптар көші-қон қызметтерін цифрландырудың заманауи тәсілдерін, жеке тұлғаны сәйкестендіру мәселелерін және мемлекеттік сервистерді дамыту бағыттарын талқылады. Сондай-ақ қонақтарға бүгінде Қазақстанда қолданылып жүрген цифрлық шешімдер таныстырылды.
Сапар барысында делегация мүшелеріне паспорттар мен жеке куәліктерді рәсімдеу үдерісі – өтініш беруден және деректерді тексеруден бастап дайын құжатты алғанға дейінгі барлық кезеңдер көрсетілді.
Сонымен қатар делегация мүшелері жеке куәлік немесе паспорт алуға өтінімді өз бетінше беруге мүмкіндік беретін құжаттандыру терминалының жұмысымен танысты. Қатысушыларға оның жұмыс істеу тәртібі мен дербес деректерді тексеруде қолданылатын технологиялар туралы ақпарат берілді.
«Мемлекеттік қызметтерді жетілдірудегі маңызды бағыттардың бірі – халықаралық ынтымақтастықты дамыту. Мұндай кездесулер тәжірибе алмасуға, кәсіби әріптестікті нығайтуға және азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған тиімді шешімдерді енгізуге ықпал етеді. Бұған дейін Корея Республикасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Бұл құжат бірлескен жобаларды іске асыруға және өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Бүгінгі кездесу халықаралық серіктестікті нығайтуға және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жетілдіруге тағы бір маңызды қадам болады деп сенемін», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Басқарма төрағасы Арман Кенжегалиев.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар халықаралық тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтіп, цифрлық мемлекеттік қызметтерді дамыту бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ
Ұқсас материалдар

Алматыда жаңа ведомствоның жұмысы мен алдағы жоспарлары таныстырылды
Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасыАшу
Қазақстанның семсерлесуден ерлер құрамасы әлем чемпионы мәртебесінде елге оралды
ҚР ТСМАшу
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАСӨСПІРІМ БАЛУАНДАР КҮРЕСТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЕКІ АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
ҚР ТСМАшу
«Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) бағдарламасы: 2 тамыз
ҚР ТСМАшу
Боранды станциясы жолаушыларды жаңартылған теміржол вокзалында қарсы алады
Көлік министрлігіАшу
"" жаңалықтары

ЕСКЕЛДІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТЕРДІ КҮТІП-ҰСТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Ашу
Қазақстанда қоныс аудару бағдарламасына қатысушыларды қолдау күшейтілді: жеке баспана алуға 7 млн теңгеге дейін беріледі
Ашу
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы 1 млн гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Ашу
🧑🏻💻 ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ларда, тіпті үйіңізде де мемлекеттік қызметтерді басым тәртіппен алуға көмектесетін жеке менеджер бар екенін білесіз бе?
АшуЖетісу облысында жыл қорытындысында инженерлік желілердің тозуы 15%-ға төмендейді
Ашу