Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және фармакологиялық қадағалау бойынша семинар ұйымдастырылды

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және фармакологиялық қадағалау бойынша семинар ұйымдастырылды

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мамандарының қатысуымен 2026 жылғы 23 шілдеде «№1 қалалық емханасында» ақпараттық-түсіндіру семинары өткізілді.

    Семинар барысында Департаменттің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпараттандыру және түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес құқықтық оқыту ұйымдастырылды.

    Сонымен қатар, дәрілік заттар мен вакциналардан туындаған жағымсыз реакциялар туралы хабарламаларды Кешенді медициналық ақпараттық жүйесі арқылы «Сары карта» модулінде уақтылы және толықтыру тәртібі түсіндірілді. Қатысушыларға фармакологиялық қадағалау жүйесіне белсенді қатысудың және пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңыздылығы жөнінде ақпарат берілді.

    Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, мәселелер талқыланды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары