Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Қызылорда облысының аумағында қарумен жасалатын қылмыстардың алдын алу, заңсыз қару айналымына тосқауыл қою және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 15–31 шілде аралығында «Өңірлік-ҚАРУ» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның алғашқы 8 күнінің қорытындысы бойынша облыс көлемінде 5704 қару иесі тексерілді. Қабылданған профилактикалық шаралардың нәтижесінде қару айналымы саласындағы 51 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Тексеру барысында заңсыз айналымнан, яғни ішкі істер органдарында тіркелмеген 6 дана тегіс ұңғылы қару тәркіленді. Сонымен қатар қаруды сақтау қағидаларын бұзған 32 азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 484-бабына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылды. Ал қаруды тасымалдау және тіркеу талаптарын бұзған 13 азаматқа қатысты Кодекстің 486-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылды. Қызылорда облысы Полиция департаменті азаматтарды қаруды сақтау, алып жүру, тасымалдау және тіркеу талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Қару айналымы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.
Қызылорда облысында «Өңірлік-ҚАРУ» жедел-профилактикалық іс-шарасының 8 күнінде 51 құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

Бокстағы триумф, семсерлесу, академиялық есу мен таеквондодағы тарихи жүлделер, жалпы есепте +3 орын - Қазақстан Азиаданы қалай аяқтады?
ҚР ТСМАшу
«Дала дәмі»: Астанада Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр
Ашу
«Дала дәмі»: Астанада Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр
Хромтау ауданы әкімдігіАшу
Ақтөбе облысында жаңбыр, қар және қатты жел күтіледі
Хромтау ауданы әкімдігіАшу
Қарттар күніне орай облыс әкімі Асхат Шахаров еңбек ардагерлерінің шаңырағына барып, мерекемен құттықтады.
Хромтау ауданы әкімдігіАшу
"" жаңалықтары

Тазалыққа немқұрайлы қараған тұрғынға шара қолданылды
АшуЖасөспірімдер қауіпсіздігі – басты назарда
Ашу
Ғасыр жасаған ақсақалға құрмет: Яхия атамызға ізгі тілек
Ашу
Қызылордада оқушыларға арналған Ашық есік күні өтті
Ашу
Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Ашу