Мемлекет басшысының бастамасымен тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет әкімшілік рақымшылық жүргізіліп, ол жаңа халықтық Конституцияның алғашқы практикалық жүзеге асырылған маңызды бастамаларының біріне айналды. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың азаматтарға деген қамқорлығының көрінісі болған бұл бастама жүздеген мың адамға мемлекеттің нақты қолдауын сезінуге мүмкіндік берді. Бір айға жетпейтін уақыт ішінде 681,7 мың азаматқа қатысты 1,3 млн әкімшілік іс бойынша әкімшілік жазаларды орындау тоқтатылды. Жалпы сомасы 22,8 млрд теңгені құрайтын айыппұлдар кешірілді. Рақымшылық ӘҚБтК–нің 380-нен астам бабын қамтыды. Оның ішінде салық, кеден, санитариялық, экологиялық құқық бұзушылықтар, кәсіпкерлік, сауда саласындағы және басқа да әкімшілік құқық бұзушылықтар бар. Олардың қатарында полиция, мемлекеттік кірістер, экология, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және өзге де мемлекеттік органдар анықтаған, әкімшілік қамаққа алуды көздемейтін әрі рақымшылыққа жатпайтын құқық бұзушылықтар санатына кірмейтін көптеген құқық бұзушылықтар қамтылды. Прокуратура органдарының толық цифрлық дайындығының және барлық мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысының арқасында рақымшылық бір айға жетпейтін мерзімде іске асырылды. Азаматтардан ешқандай өтініш талап етілген жоқ, олар мемлекеттік органдарды араламады, құжат жинамады және өзге де бюрократиялық рәсімдерден өтпеді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің тоқтатылғаны жөнінде азаматтар СМС-хабарлама арқылы хабардар етілді. Көптеген отбасы үшін бұл тек қаржылық жүктемеден босату ғана емес, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізулердің тоқтатылуын, қойылған шектеулердің алынуын, бұрын арнайы тұраққа қойылған көлік құралдарының қайтарылуын және өмірді жаңа парақтан бастау мүмкіндігін білдірді. Азаматтар мұндай мемлекеттік қолдауға ризашылықтарын білдіріп, оның тиімділігіне жоғары баға беруде. Соның бір айқын мысалы – Жетісу облысының тұрғыны. Оның автокөлігі жыл басынан бері айыппұлдардың төленбеуіне байланысты арнайы тұрақта тұрған. Әкімшілік рақымшылық туралы заңның қолданылуы нәтижесінде оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер тоқтатылып, полиция автокөлігін иесіне қайтарды. Президент бастамасын іске асыру барлық мемлекеттік органдардан (прокуратура, ішкі істер, мемлекеттік кірістер, экология органдары, жергілікті атқарушы органдар және басқалар) ерекше жауапкершілікті талап етті. Басты қағида өзгеріссіз қалды: рақымшылық жасауға құқығы бар әрбір азамат оны міндетті түрде алуға тиіс, ал заң талаптарына сәйкес келмейтін ешкім бұл мүмкіндікті пайдаланбауы қажет. Атқарылған жұмыс заманауи цифрлық технологиялардың мемлекеттік басқаруды анағұрлым тиімді етіп қана қоймай, азаматтарды артық бюрократиялық рәсімдерден босатуға қабілетті екенін көрсетті. Әділдік, қоғамның мемлекетке деген сенімі және «Заң мен Тәртіп» қағидаты дәл осылай нығаяды.
Мемлекет басшысының бастамасымен тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет әкімшілік рақымшылық жүргізіліп, ол жаңа халықтық Конституцияның алғашқы практикалық жүзеге асырылған маңызды бастамаларының біріне айналды.
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

Апталық шолу
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігіАшу
Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерге ескерту жасалды
Ақтөбе облысының әкімдігіАшу
Ақтөбе облысының екі педагогі «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі – 2026» республикалық байқауында І орын иеленді
Ақтөбе облысының әкімдігіАшу
Өңір басшысы Қарғалы ауданының Жосалы ауылында ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен кездесті
Ақтөбе облысының әкімдігіАшу
«Дала дәмі»: Астанада Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр
Байғанин ауданының әкімдігіАшу
"Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімдігі" жаңалықтары

2026 жылғы 30 қыркүйекте Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппаратымен Құқықтық жалпыға бірдей оқыту семинарын өткізу ұйымдастырылды
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімдігіАшу
2026 жылғы 25 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Ж.С. Нұғыманов халықпен кездесу өткізеді.
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімдігіАшу
Аудан әкімі Аңбаев Р.Ә. облыс әкімдігінің отырысына қатысты
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімдігіАшу
Аудан әкімі Р.Ә. Аңбаев облыс әкімінің бірінші орынбасары М.И. Тасмағанбетовтің төрағалығымен өткен жедел штаб отырысына бейнеконференцбайланыс (БКБ) режимінде қатысты.
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімдігіАшу
2026 жылдың 17 қыркүйегінде Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі Р. Ә. Аңбаев азаматтарды жеке қабылдады.
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімдігіАшу